Қазақстанда ішкі істер органдарының жүйесі жаңғырады

Қазақстанда ішкі істер органдарының жүйесін бюрократиялықтан клиентке бағдарланған жүйеге ауыстыру жоспарлануда. Бұл жүйелі шараларды кезең-кезеңімен енгізуді талап етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын дамытудың 2022–2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілді.

Бұл шаралар ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылын жақсартып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы тиімділігін арттыруға бағытталған.