Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Жиында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары және халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы мәселелер қаралды.
Бірінші сұрақ бойынша сөз Ұлытау облысы бойынша Төтенше жағдай департаменті бастығының міндетін атқарушы Шыңғыс Самиев баяндады. Өңір басшысы өз кезегінде облыс аумағында қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қолда бар барлық мүмкіншілікті пайдаланып, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде улы газды анықтаушы датчиктер орнатудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын үздіксіз жүргізуді тапсырды.
Күн тәртібінде халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде шалғай жатқан ауылдарға назарды күшейту мәселесі де айтылды. Бұл ретте өңір басшысы Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасына, әсіресе, қыс мезгілінде бақылауды күшейту міндетін жүктеді.
Сонымен қатар, облыс әкімі білім беру мекемелерінде дәрілік заттарды сақтау ережелерін бұзуға жол бермеу қажеттігін қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.
Өз тілшімізден.