25.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!24.10.2026
Ақпарат ағыны

«Арқалықтың ақ таңы» атты спектаклін тамашалауға шақырамыз

03.09.2026 · 11:23 · admin

Құрметті жер қойнауынан ырыс терген, ел ырысын еселеген – Сәтбаев қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Тобыл-Торғай өнерпаздарының өнер керуені Сіздердің қалаларыңызда!
Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толу мерейтойы мен мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының жарыққа шығарған «Арқалықтың ақ таңы» атты спектаклін тамашалауға шақырамыз.
Тағылымды қойылыммен қатар, елге танымал «Жігіттер» триосы, Олжас Қапан, Абай Сейдахмет сынды әншілеріміз Сіздерге Арқа өңірінің ән сәлемін тарту етеді!
Ендеше, 5 қыркүйек күні, сағат 19.00-де Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында күтеміз. Келіңіздер, көріңіздер!