Өңір халқы белсенділік танытты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум маңызды дипломатиялық институт екенін атап өткені көзіқарақты оқырманға жақсы мəлім. Ол «Конституцияның бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгеруі – халықтың еркін білдірудің айқын көрінісі» деген еді. Қазыналы өңір халқы саяси науқан барысында осынау мүмкіндікті оңтайлы пайдалануға талпыныс танытты.

Шынымен де, бүтін бір мемлекеттің болашағына əсер ететін, бүгінгіден де жарқын келешекке кепілдік беру көзделген референдум қорытындысында ел ертеңіне бей-жай қарамайтын қала халқының 84%-ы Конституцияға енгізілген өзгерістер жобасына қолдап дауыс берді. Олардың арасында 18 жасқа енді ғана толған 320 жас дауыс беруші азамат болды. Осы ең жас дауыс берушілер мен ең алғашқы жəне100-ші дауыс берушілерге ел мүддесін бəрінен биік қоятын демеушілердің атынан арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Тиісінше, қаламызда ең жасы үлкен дауыс беруші Күнтай Рахимова əжеміз болды, ол кісінің жасы – 99-да. Учаскелік референдум комиссиясының мүшелері қарияның дауысын үйіне барып алды. Бір ерекшелік – дəл сол күні отау құрған жас жұбайлар да дауыс беру учаскесіне салтанатты жағдайда келіп, өз таңдауларын жасады. Олар мемлекеттік маңызы бар ұлы күнде өздерінің шағын мемлекеттерін құрып отырғанына қуанышты екендерін де жасырмады.

Осылайша, референдумға біркісідей атсалысқан өңір халқы, Қазақстанның ертеңгі еңсесі биік боларына үміт артатынын айғақтады