Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық республикалық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына облыстың барлық қалалары мен аудандарының тұрғындары белсенділік танытып, табиғатты қорғау мен экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өз үлестерін қосты.
Акция барысында облыс бойынша 515 ұжым мен 8551 азамат қатысты. Сондай-ақ, 135 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 473 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Оған қоса, 47 рұқсат етілмеген қоқыс алаңы анықталып, тазартылды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің қатысуымен Жезқазғандағы Ғарышкерлер бақжолында 100-ден аса түп жасыл желек отырғызылды.
Қоршаған ортаға құрмет акциясының нәтижесінде Ұлытау облысының 1605 гектар аумағы тазартылды.
Аманкелді АҚШАЛ.