Ауқымды жұмыстар жүргізілді

Бүгін Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы атқарған негізгі жұмыстары туралы есеп жариялады.

Ауқымды жұмыстар жүргізілді, Соның ішінде, 2024 жылғы көктемгі су тасқынының зардаптарын жою бойынша жасалған шараларға тоқталғым келеді.

Кең көлемді су тасқындары Қазақстанның 10 облысын қамтып, мемлекет пен халық үшін үлкен сынақ болды. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жедел әрекетінің арқасында зардап шеккен әрбір азамат қажетті көмек пен қолдау алды.

Жедел әрекет:

Президент су тасқынынан зардап шеккен үш өңірге (БҚО, СҚО, Қостанай облысы) барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың мұқтаждықтары мен өтініштерін тыңдады.

Ауқымды көмек:

19 359 үй тексеріліп, 5 767 жаңа тұрғын үй сатып алынды, 9 156 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

64 млрд теңгеге 2 680 жеке үй салынды.

Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 54,7 млрд теңге бөлінді.

Халыққа қаржылай қолдау:

36 455 отбасыға 13,3 млрд теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.

21 876 отбасыға жалпы сомасы 9,9 млрд теңге өтемақы төленді.

Кәсіпкерлікті қолдау:

734 кәсіпкерге 14,6 млрд теңге бөлінді.

Шағын және орта бизнестің шығындарын өтеуге 12,1 млрд теңге қаражат бағытталды.

Мал шығынын өтеу:

Мал шығынын өтеуге арналған өтемақы сомасы 2,8 млрд теңгеден асты.

Осы қиын сәтте Қазақстан халқы бірлігін көрсетті, ал Мемлекет басшысы ең күрделі міндеттерді шешуге дайындығын дәлелдеді.

Мереке Жуманбаева, Қаражал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы