Бүгін, ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасады.
Иә, 2024 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді дамыту және нығайту бойынша үлкен жұмыс атқарды.Ол жүргізген реформалар мен саяси бастамалар елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Жыл ішінде қабылданған маңызды шешімдер мен бағдарламалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етті және мемлекеттің халықаралық аренадағы позициясын нығайтты.
Қасым-Жомар Кемелұлы бастаған реформалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталды. Президенттің ұлттық қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, экология және цифрландыру саласындағы мәлімдемелері халықтың әртүрлі топтарының мүдделерін қорғауға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етті. Сонымен қатар, сыртқы саясатта Қазақстан өзінің халықаралық ұстанымын нығайтып, маңызды халықаралық келісімдер мен уағдаластықтар жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен біздің еліміз ішкі және сыртқы тұрақтылықты сақтап, заманауи сын-қатерлерге лайықты жауап береді.
З.Оспанова,
Қаражал қалалық мәслихат төрағасы