Ұлытау облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Заң мен тәртіп: Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 12 айдағы жұмыс қорытындысы» тақырыбында өңірлік брифинг өтті. Брифингке Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерлан Битанов және Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Жедел басқармасының басшысы Ермек Данишев қатысты.
2024 жылы департамент мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыру, көлеңкелі экономикамен күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жалғастырды. Бұл жұмыстар «Заң мен тәртіп» қағидатының ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, департамент экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, тиімсіз делдалдықпен күресу және қаржылық алаяқтықтың алдын алу бойынша күш-жігерін бағыттады. Маңызды жетістіктердің бірі аймақтың газбен жабдықтау жүйесіне тұтынушыларды қосу үшін кедергілерді жою, әлеуметтік қызметтерді ұсынуда әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру және табиғи ресурстар саласында заңсыз қызметті тоқтату болды.
Департаменттің басым бағыттарының бірі қаржылық пирамидалар мен алаяқтықтың алдын алу болды. Алаяқтық веб-сайттары мен аккаунттарын бұғаттау шаралары қабылданды, бұл азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғауға ықпал етті.
2024 жылы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониториг агенттігінің халықтың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыру бойынша ауқымды науқаны аясында департамент әртүрлі байланыс арналары мен әлеуметтік желілерді пайдаланып, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша кампаниялар өткізді.
Алдын алу шараларының негізгі жетістіктері мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендету, жол құрылысын арзандату, заңсыз делдалдықпен күресу және артық үстемелерді тоқтату болды.
2025 жылы департамент экономикалық құқық бұзушылықтармен күресті күшейтуді жалғастырып, осы саладағы қылмыстардың алдын алу мен болдырмауға ерекше назар аударады. Негізгі акцент кәсіпкерлік жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаржылық қылмыстарға қарсы күресті жалғастыруға, сондай-ақ
«Заң мен тәртіп» қағидатының қатаң сақталуына жасалады. Барлық күш-жігер аймақтың әл-ауқатын арттыруға, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге және тұрақты экономикалық өсім үшін жағдай жасауға бағытталуы қажет. Департамент басшылығы бірлескен күш-жігердің арқасында осы міндеттерді шешуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, аймақтың гүлденуін қамтамасыз ететініне сенімін білдірді.