ЖЫЛ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мақсатында жалпы 196 км жол (56 км — қалаішілік, 37 км — республикалық, 51 км — жергілікті, 24 км — облыстық, Ауыл-ел бесігі бойынша 28 км) қайта жаңартылды және жөнделді, оның 32 шақырымы Жезқазған қаласында (нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі — 91%).
2026 жылға дейін 270 км-ге жуық жолды жөндеу және жақсы жолдардың үлесін 93%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Анықтама: облыстағы жолдардың жалпы ұзындығы 2 711 км., оның ішінде республикалық 961 км, облыстық 896 км, аудандық 310 км, елді мекендер ішінде 544 км.
«Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту бойынша дайындық жұмыстары басталды (құны — 108,7 млрд тг, 4 мердігерлік ұйым жұмылдырылды). Құрылыс жұмыстары ауа-райының жылуымен басталады. Қазіргі таңда, осы учаскелерде 4 вахталық қалашық орналастырылған.
Бұдан басқа, «Қарағанды-Жезқазған» бағытында (40 км) мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Қалалық қоғамдық көлік үшін 18 жаңа автобус сатып алынды, оның 10 данасы Жезқазған қаласы үшін. Облыс орталығының әуежайының ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы көлік инфрақұрылымының бюджеті 16 млрд теңгені құрады, оның ішінде 4%-ға өсімімен Жезқазғанға 6 млрд теңге.