Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін 204 негізгі жобаны қамтитын Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспары әзірленіп, Үкімет бекіткен болатын.
Бұл жобалар төрт негізгі бағытты қамтиды:
Энергетикалық инфрақұрылым (46 жоба) – ЖЭО, ГЭС және энергия шаруашылықтарын қоса алғанда, жылумен және электрмен қамтамасыз ету саласындағы жаңа нысандарды жаңғырту және салу. Бұл еліміздің барлық өңірлерін тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
➡️ Көлік инфрақұрылымы (59 жоба) – негізгі көлік дәліздерін дамыту, автожолдарды реконструкциялау және теміржол желісін жаңғырту. Бұл ішкі және халықаралық логистиканы жақсартып, Қазақстанның көлік торабы ретіндегі экономикалық тартымдылығын арттырады.
➡️ Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы (89 жоба) – сумен қамтамасыз ету, су бұру және сарқынды суларды тазарту нысандарын салу және жаңғырту. Бұл, ең алдымен, су ресурстары мәселесі өткір тұрған ауылдық және шалғай елді ме