Сіздерді ел тарихындағы қастерлі де ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл айтулы мереке ата-бабаларымыздың сан ғасырлар аңсаған арманының жарқын көрінісі.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде тұрақты экономикалық жүйе құрылып, әлеуметтік сала үздіксіз дамып, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жас республикамыз өзін ірі интеграциялық идеялар мен бітімгершілік жобалардың бастамашысы ретінде танытып, мәдениет пен өркениет диалогын нығайтуға бұрын-соңды болмаған қадамдар жасап, халықаралық аренада да елеулі табыстарға қол жеткізді.
Бүгінгі буын қасиетті Тәуелсіздікке қол жеткізіп, өсіп-өркендеген мемлекетіміздің жетістігіне өзіндік үлесін қосуда. Елімізбен бірге біздің аймақтың тұрғындары да бірлік пен татулықтың, ынтымақ пен тыныштықтың ерекше үлгісін қалыптастыруға белсене атсалысып келеді. Осындай айтулы күні еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша жерлестерімізге алғыс білдіріп, ашық аспан, отбасыларына амандық, бақ-береке тілейміз. Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болсын!
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.