Президент Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды. Ол құқық қорғау органдарын нығайту, олардың тиімділігін арттыру және қылмыс профилактикасына қатысты жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, экстремизм мен терроризммен күресудің азаматтар үшін қауіпсіз орта қалыптастырудағы маңыздылығын айтты.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы елдің қорғаныс қабілетін күшейту, қарулы күштерді замандандыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғауын арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол әскери салада технологияларды дамыту мен кадрларды даярлаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Манара Жетимекова, Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет ,тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы