ҚР Президентінің 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында елдің бүгінгі тыныс-тіршілігіне талдау жасалып, алдағы атқарылар шаруалардың бағыт-бағдары берілді. Биылғы Жолдау халқымыздың əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйткілді мəселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған.
Жыл сайын ҚР Президенті өз жолдауында ел жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мəнге ие болды.
Ондағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің көкжиегін кеңейтеді, болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңілінен шығуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдаған өз үндеуінде, кемел болашақтың арайлы ақ таңын көретіндейміз. Қазіргі қоғамда бəсекелестікті дамыта отырып, бір-біріне мүмкіндік беру айрықша маңызға ие. Əрине, бəсекелестік бар жерде өнімнің сапасы артып, дамушылық ілгерілейтіні сөзсіз. Əділетті Қазақстан құру жолында ең алдымен өркениеті дамыған қоғам құру маңызды. Халықтың əл-ауқатын арттыру мақсатында жолданған бұл Жолдаудың ерекшелігі басым.
Гүлнар АУҒАНОВА,
Ұлытау ауданының өнеркəсіп жəне кəсіпкерлік бөлімінің басшысы.