Мемлекеттік тіл – ұлт құндылығы

«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»

 Ахмет Байтұрсынов.

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елдердің тізіміне енгізу – жастардың қолында. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, барша әлемге қазақ елін таныта білу. Ал ол үшін әр жасөспірім өз елінің тарихын, ана тілін жетік меңгеруі қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында айтқандай, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезі келді. Алайда, солай-ақ болғанымен, көптеген жерлестеріміз өз тілін елемей, өзге тілде сайрап жүр. Иә, дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпағаны анық. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықшылығы жоқ. Себебі, күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тіл меңгеру

Көп тілді білу – заман талабы. А.Чехов «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» деген. Дегенмен, өз ана тілімізді құрметтесек, өз тілімізді ұмытпасақ, өз тілімізден қысылмай, еркін сөйлесек, біздің тіл де әлемдік көп қолданыстағы тілдер қатарына енуге мүмкіндік алар еді. Біздер, болашақ ұрпақ өкілдері өзге тілді білу арқылы өз тілімізді де әлемдік аренаға шығара аламыз.

Дана ӘБІЛДИНА,

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.