20.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКАНДИДАТ МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ20.11.2026
Ақпарат ағыны

Жас буынның  денсаулығын қорғау – мемлекет қуатын нығайтудың негізі

20.11.2026 · 17:07 · admin

Қазақстан – шамамен 7 миллион бала өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекет. Бұл – еліміздің болашағы үшін орасан зор әлеует.

Мемлекет өзінің кішкентай азаматтарына медициналық көмектің толық тізбесін пайдалануға кепілдік береді.

Медициналық көмек балаға барлық кезеңдерде: дүниеге келер алдындағы тексерулерден бастап, өмірінің алғашқы күндеріндегі бақылау, профилактика, диагностика, емдеу мен қалпына келтіру кезеңдеріне дейін ұсынылады. Бұл жұмысқа емханалардың, перинаталды орталықтардың, балалар ауруханасы мен мамандандырылған клиника дәрігерлері мен мейірбикелері қатысады.

Уақтылы көрсетілген сапалы медициналық көмек балалардың салауатты өсіп, білім алуына, өз таланттарын ашып, армандарын жүзеге асыруына жол ашады. Жас буынның  денсаулығын қорғау – әрбір отбасының әл-ауқатын және тұтас мемлекеттің қуатын нығайтудың негізі.