20.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКАНДИДАТ МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ20.11.2026
Ақпарат ағыны

Қаражал қаласында сайлауалды кездесулер жалғасуда

20.11.2026 · 16:07 · admin

Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков, Әлдібек Тәуекелов, Гүлнара Загирова және Диас Алтынбек еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым міндеттерге тоқталды.

Сонымен қатар, ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.