09.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 09.11.2026
Ақпарат ағыны

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 

09.11.2026 · 19:37 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Абай Нұрланов Қаражал қаласындағы «Балбөбек» бөбекжайының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылда өңірде білім беру саласын дамыту бағытында жүзеге асырылатын жоспарлармен бөлісті.

Атап айтқанда Ұлытау облысында 920 орындық үш балабақша мен 3 200 орындық алты мектеп салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Кездесу барысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру мәселелері де талқыланды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.