09.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 09.11.2026
Ақпарат ағыны

КАНДИДАТ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

09.11.2026 · 19:34 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Абай Нұрланов бүгін Қаражал қаласындағы №1 тірек мектебінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылға арналған негізгі басымдықтарға тоқталды. Сондай-ақ Қаражал қаласы, Жәйрем кенті және жалпы Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары туралы ақпарат берді.

Жиын барысында білім саласын дамыту, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар сөз болды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.