24.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!24.10.2026
Ақпарат ағыны

Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

24.10.2026 · 01:23 · admin

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әлеуметтік қорғау саласы – кәсіби біліктілікпен қатар, жоғары жауапкершілікті, адамгершілікті, мейірімділік пен жанашырлықты талап ететін ерекше бағыт. Бұл – қоғамның әлсіз тұстарына бейжай қарамай, әрбір азаматтың өміріне оң өзгеріс әкелуге мүмкіндік беретін абыройлы қызмет.

Сіздер күн сайын зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға және қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келесіздер. Ерен еңбектеріңіздің арқасында көптеген адам қажетті жәрдемге қол жеткізіп, қиындықтарды еңсеруге күш-қуат табуда. Өз міндеттеріңізді адал атқара отырып, олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, болашаққа үміт сыйлайсыздар.

Адам тағдырына бейжай қарамай, әрбір жанның мұң-мұқтажын түсініп, жанынан табыла білу – үлкен жүректілік пен биік адамгершіліктің белгісі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз ізгілік пен қайырымдылықтың жарқын үлгісі болып, қоғамдағы өзара сыйластық пен сенімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Осы айтулы күні өз ісіне адалдық танытып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін. Адамдарға қамқорлық көрсетіп, олардың өмірін жақсартуға бағытталған қызметтеріңіз әрдайым құрметке лайық.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және мол қуаныш тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, кәсіби жолдарыңыз жаңа жетістіктерге толсын. Ел игілігі үшін атқарып жүрген қызметтеріңіз әрдайым абырой биігінен көрініп, халықтың алғысы мен құрметіне бөлене беріңіздер. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ, Қаражал қаласының әкімі.