Қыран елім – Қазақстан

20 қазаннан бастап Қаражал қаласының орталық кітапханасында Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – оқырмандардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының тарихы, тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдер, еліміздің жетістіктері, ұлттық рәміздеріміз бен халқымыздың рухани мұрасы туралы әдебиеттер қойылған.
Көрме мазмұны арқылы оқырмандар еліміздің өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, Қазақстанның жарқын болашағы туралы мағлұмат ала алады.
Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын айқындайтын маңызды мереке. Отанымыздың әрбір жетістігі – халқымыздың бірлігі мен еңбегінің жемісі. Туған еліміз – Қазақстан. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Тлеухор БАЙШУКЕНОВА,
ОКЖ директоры.