Қайғылы жағдайлардың көбісі – ата-ананың қарауынсыз қалған үйлерде немесе ата-аналардың салғырт қарауынан орын алады. Сондықтан, сәбиіңіздің өміріне қауіп төнбес үшін, оның әр қадамына абай болғандарыңыз абзал.
Қорғау шаралары: — егер бала үйде болса, терезені ашық қалдырмаңыз; — терезенің тиісті сыртқы қорғауы болмаса, масаға қарсы торды сенімді тірек ретінде пайдаланбаңыз; — терезе, балкон немесе шыны есіктер алдында ойнап жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз; — балалар терезенің алдына шығып, терезеден құламауы үшін жиһаздарды терезенің жанына қоймаңыз; — масаға қарсы торларды қорғаныс құралы ретінде пайдаланбаңыз; — балаңызға терезенің қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отырыңыз; — бөлмені желдету кезінде терезені толық ашпай, желдету режимін пайдаланыңыз.
Көп жағдайда балалар қызығушылық танытып терезе алдына қойылған орындыққа, диванға немесе басқа да жиһазға шығып, ашық тұрған терезеге жақындайды. Кейбір ата-аналар масаға қарсы торды қауіпсіздік құралы деп есептейді. Алайда, мұндай торлар баланың салмағын көтеруге арналмаған және оған сүйенген кезде оңай шығып кетуі мүмкін. Құрметті ана-аналар!
Балалардың өмірі мен денсаулығы – баршамыз үшін ең қымбат құндылық. Бір сәттік немқұрайлық, орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, балаларыңызды әрдайым назарда ұстаңыз! Есіңізде болсын, баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі.
Арнұр ӘБДІҒАМИТОВ,
Қаражал қаласы ТЖб инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.

