Қай кезеңде болмасын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы адал еңбекпен, кәсіби шеберлікпен және жауапкершілікпен тығыз байланысты. Мемлекеттің тұрақты өсімі мен халықтың әл-ауқаты ең алдымен нақты еңбек адамдарының күнделікті маңдай терінің нәтижесі екені даусыз.
Осы тұрғыда Жұмысшы мамандықтар жылы – қоғамдағы еңбек құндылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Жұмысшы мамандықтар – экономиканың нақты секторын алға жылжытатын басты күш. Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты стратегиялық салалардың барлығы білікті жұмысшы кадрларсыз дамуы мүмкін емес. Зауыттағы слесарь, кеніштегі машинист, құрылыс алаңындағы дәнекерлеуші немесе коммуналдық қызметтегі маман – ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген негізгі тұлғалар.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында кәсіби білімі бар, заманауи технологияларды меңгерген жұмысшы мамандарға сұраныс артып отыр. Бұл өз кезегінде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің маңызын күшейтеді. Колледждер мен оқу орталықтарында дайындалған білікті мамандар – экономиканың тұрақты дамуының сенімді негізі. Еңбек адамының кәсіби деңгейін арттыру – мемлекет үшін стратегиялық міндет.
Сонымен қатар, еңбекке деген құрмет – ұлттың рухани дамуының көрсеткіші. Жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, адал еңбектің қоғамдағы орнын нақты көрсету – ортақ жауапкершілік. Себебі елдің болашағы еңбекқор, кәсіби және жауапты азаматтардың қолында.
Қорытындылай келе, ел дамуы еңбектен басталады деген ұстаным – жай ғана ұран емес, нақты өмір шындығы. Әрбір жұмысшы маманның еңбегі – экономикалық өсімнің, әлеуметтік тұрақтылықтың және жарқын болашақтың берік негізі. Еңбек адамына құрмет артқан жерде елдің де еңсесі биік болмақ.
Бойцун Вера Викторовна
Құқық қорғау органдарының ардагері
