Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңін айқындады. Аталған Жолдауда білім беру саласын жаңғырту, әсіресе, келешек мектебін қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берілді.
Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесі қоғамның өзгермелі талаптарына жедел бейімделуі тиіс. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, жасанды интеллекттің барлық салаға енуі білім мазмұнын түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Осы тұрғыда келешек мектебі – елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың негізгі тетігі.
Заманауи мектеп – тек білім беретін мекеме ғана емес, ол инновациялық ойлау қалыптастыратын, цифрлық сауатты, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейтін орта болуы керек. Білім беру процесіне цифрлық платформаларды енгізу, STEM бағытындағы пәндерді дамыту, бағдарламалау мен робототехниканы оқыту – уақыт талабы.
Сонымен қатар, технологиялық жаңару ұлттық құндылықтармен үйлесім табуы қажет. Келешек мектебінде жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, патриоттық сана-сезімінің қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс. Өйткені, ұлттық болмысы берік, заманауи біліммен шыңдалған ұрпақ қана елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады.
Президент Жолдауында белгіленген басымдықтар білім беру саласының жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады. Келешек мектебін дамыту – бұл тек білім саласының емес, тұтас ұлттың болашағына салынған инвестиция. Сондықтан, келешек мектебі – келешек ұлттың сенімді кепілі.
Ербол САЛКИНОВ,
№ 30 ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
