25.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!24.10.2026
Ақпарат ағыны

Қаражал қаласында «Жыл үздігі» атағын табыстау рәсімі өтті

25.12.2025 · 12:56 · admin

Қаражал қаласында қала әкімінің сыйлығы «Жыл үздігі» атағын табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында қала әкімі марапат иелерін құттықтап, олардың бір жыл бойғы қажырлы еңбегін жоғары бағалап, арнайы марапаттарды табыстады. Сонымен қатар алдағы қызмет жолдарында зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен толағай табыс тіледі.

«Жыл үздігі» марапаты – өз саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосқан азаматтарға көрсетілетін лайықты құрмет. Бұл атақ – үлкен жауапкершілік пен қоғам тарапынан көрсетілген сенімнің айқын көрінісі.

Қаражал қаласы осындай кәсібіне адал, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ететін азаматтардың арқасында дамып, көркейіп келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, әр салада табысты еңбек етіп жүрген жандар – еліміздің басты капиталы.