Қоғамдық тәртіп – кез келген мемлекет үшін тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі кепілі болып табылады. Әр азаматтың заңға бағынуы, құқықтық жауапкершілікті сезінуі және қоғамдық нормаларды сақтау қоғамның дамуы мен тыныштығына тікелей әсер етеді. Заң үстемдігі мен тәртіп сақталғанда ғана азаматтар өз құқығын қорғауға, қауіпсіз және бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алады.
Қоғамдық тәртіп тек заңды орындаумен шектелмейді. Ол – әр азаматтың жеке мәдениеті, жауапкершілігі және бір-біріне деген құрметімен көрінеді. Жастар арасында құқықтық сана мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру – елдің болашағы үшін аса маңызды міндет. Саналы ұрпақ заңға бағынуды өмірлік қағидаға айналдыра отырып, тұрақты және әділ қоғам құруға үлес қосады.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қоғамдағы тәртіпті сақтау бағытындағы жүйелі жұмысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, құқық бұзушылық деңгейін төмендетеді және қоғамда сенімділікті нығайтады. Қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың парызы, ал оны қамтамасыз ету – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Такибаев Арынгазы Шакирович
Қаражал қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
