QazaqGaz басшысы Ұлытау облысы газ инфрақұрылымының қысқа дайындығын бағалады

«QazaqGaz «ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Ұлытау облысы газ тарату жүйелерінің 2025-2026 жж.күзгі-қысқы кезеңге дайындығына инспекция жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша объектілердің дайындығы – 97% құрады.

Жұмыс сапары аясында Ұлттық компания басшысын Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қабылдады. Кеңес барысында қатысушылар өңірдің жылу беру кезеңіне дайындық барысын, инфрақұрылымды жаңғыртудағы басымдықтарды және тұрғындармен өнеркәсіптік объектілер үшін газбен қауіпсіз жабдықтауды қамтамасыз етуді талқылады.

Сонымен қатар, Санжар Жаркешов Жезқазған қаласының орта мектебін табиғи газға қосу рәсіміне қатысты. «Жайлы мектеп» Ұлытау облысында газға қосылған алғашқы әлеуметтік нысан.

Айта кетейік, Ұлытау облысын газдандыру белсенді қарқынмен жүріп жатыр. Тек бір жылішінде 1 866 техникалық шарт берілді, оның 41 –і заңды тұлғаларға берілді. Барлығы 3 116 абонент газбен қамтамасыз етілген. Бес іске қосу кешенінің бірінші және екінші кезектері пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Кеңгір ауылындағы жұмыстарды аяқтау жоспарлануда,онда 442 абонент пен 7 әлеуметтік нысан газға қол жеткізе алады.

Өңірдің ірі өнеркәсіптік тұтынушылары»KAZAKHMYS SMELTING» ЖШС және «Талап2023» ЖШС болып қала береді.