16.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖАСТАР САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА16.11.2026
Ақпарат ағыны

ЖАСТАР САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

16.11.2026 · 18:01 · admin

«Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі әрі облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ақжол Құрмансейіт «Жастар Рухы» жастар қанатының Ұлытау облыстық филиалының белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында сайлауалды науқанның барысы, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі және үгіт-насихат жұмыстарына қатысу мәселелері талқыланды.

Бүгінде Ұлытау облысында 200-ден астам жас белсенді сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына атсалысуда. Олар тұрғындармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыруға және халықпен кері байланыс орнатуға үлес қосуда.

Ақжол Құрмансейіт жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтіп, сайлау науқанындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.