16.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТКандидаттар «Есіктен есікке» акциясын өткізді16.11.2026
Ақпарат ағыны

Ұлытау ауданында «Есіктен есікке» акциясы өтті

16.11.2026 · 12:08 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ақжол Құрмансейіт Ұлытау ауданында «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Акция аясында кандидат бірқатар ауыл тұрғындарының шаңырағына арнайы барды. Атап айтқанда, «Құрмет» орденінің иегері, ардагер ұстаз, биология ғылымдарының кандидаты Шәрипа Сағадиевамен, еңбек ардагері, Ұлытау ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Татұлы Бимағанбетов және Ұлытау ауылдық билер кеңесінің төрағасы Мақсұт Смайыловпен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның 2031 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған негізгі бастамалар мен жоспарлар туралы кеңінен ақпарат берді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.