12.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА12.11.2026
Ақпарат ағыны

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

12.11.2026 · 18:20 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мәди Осажанов өзге де кандидаттармен бірге Қаражал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылға арналған негізгі басымдықтарға тоқталды.

Атап айтқанда, бағдарламада тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық белсенділікті 47 пайызға дейін жеткізу, руханият пен мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Сонымен қатар Қаражал қаласында хоккей кортын салу, спорт инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін бұқаралық спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасау мәселелері де қамтылған.

Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидаттар көтерілген мәселелерге қатысты жауап беріп, партия бағдарламасында белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.