ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ғалым Қойшыбаев Жаңаарқа ауданында мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылда өңірдің мәдениет саласын дамыту бағытында жүзеге асыру көзделген жоспарларға тоқталды.
Атап айтқанда, халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқырмандық белсенділік деңгейін 40 пайызға дейін жеткізу, өңірде рухани-мәдени орталықтар салуға қолдау көрсету көзделген.
Сонымен қатар Жезқазған қаласында 450 орындық конгресс-орталық салу, Сәтбаев қаласында орталықтандырылған кітапхана жүйесін құру және Жаңаарқа кентінде 400 орындық мәдениет сарайын салу жоспарлары таныстырылды.

Кездесу барысында мәдениет саласының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кандидат мәдениет саласын дамыту, рухани құндылықтарды сақтау және мәдени нысандардың қолжетімділігін арттыру өңірдің әлеуметтік дамуының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.