16.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖАСТАР САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА16.11.2026
Ақпарат ағыны

БІЛІМ БЕРУ МЕН ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.11.2026 · 16:51 · admin

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Диас Алтынбек Жезқазған тау-кен колледжінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Әсіресе, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау, жастарды жұмыспен қамту және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар білім беру саласына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидат қойылған сұрақтарға жауап беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін білім мен кәсіби мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.