Оңтүстік өңірден Қаражал қаласына қоныс аударған үш баланың анасы Шолпан Жирентаева бүгінде жаңа мекенінде еңбек етіп, балаларын тәрбиелеп келеді.
Бүгін Шолпан Жирентаева Құрылтай сайлауында өз учаскесіне барып, дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Шолпанға тұрғын үй сатып алуға 7 миллион теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты беріліп, ол Қаражал қаласынан өзіне және балаларына баспана алды. Сонымен қатар, тұрақты жұмыспен қамтылып, қазіргі уақытта Қаражал қаласының Мансап орталығында еңбек етуде.
