28.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖастар белсенділігі – қоғам дамуының кепілі28.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ақпарат ағыны · Қаражал хабары

Үйдегі қауіпсіз пеш – өрт қауіпсіздігінің кепілі

28.11.2026 · 00:02 · admin

Жылыту маусымында пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде өрт шығу және көміртегі тотығынан (иіс газынан) улану жағдайлары жиілейді. Мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.

Осыған байланысты Қаражал қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары тұрғындарға төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Пешті пайдаланар алдында:

— жылыту пешінің сыртқы және ішкі бөліктерін мұқият тексеріңіз;

— пештің қабырғаларында, түтін шығатын мұржасында және от жағу алдындағы еденге төселген металл қаңылтырда жарықтар, күйік іздері мен басқа да зақымдардың болмауына көз жеткізіңіз;

— қажет болған жағдайда пеш пен мұржаны жөндеп, сылаңыз.

Жылыту маусымы басталар алдында пеш пен мұржаны міндетті түрде тазалаңыз. Жылыту кезеңінде мұржалар мен пештерді кемінде үш айда бір рет күйеден тазартып отырыңыз.

Пеш есігінің дұрыс жабылып, берік бекітілуін тексеріңіз.

Пештің от жағатын аузының алдына көлемі кемінде 50×70 см болатын металл қаңылтыр орнатыңыз.

Пеш пен оның мұржасының жанғыш құрылыс материалдарынан нормативтік талаптарға сәйкес қауіпсіз қашықтықта орналасуын қамтамасыз етіңіз.

Пешті пайдалану кезінде тыйым салынады:

— жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ, оны қадағалауды балаларға тапсыруға;

— отынды, жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы металл қаңылтырға қоюға;

— пешті жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға;

— желдету және газ арналарының мұржаларын пештің түтін шығару арнасы ретінде пайдалануға;

— пешті шамадан тыс қыздыруға.

Құрметті тұрғындар!

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Қарапайым сақтық шараларын елемеу орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Өз қауіпсіздігіңізге бейжай қарамаңыз. Пешті дұрыс пайдаланып, өрт қауіпсіздігі талаптарын әрдайым сақтаңыз.

Төтенше жағдай орын алған кезде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз!

Ануар ЕРҒАЗИЕВ,
Қаражал қаласы ТЖ бөлімінің аға анықтаушысы.