27.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖезқазғанда кекушинкай каратэден ашық облыстық турнир өтеді27.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ақпарат ағыны

Жезқазғанда кекушинкай каратэден ашық облыстық турнир өтеді

27.11.2026 · 01:21 · admin

Жезқазғанда кекушинкай каратэден ашық облыстық турнир өтеді

5-6 желтоқсан аралығында Жезқазған қаласында кекушинкай каратэден Қ.С. Балмағамбетовті еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтеді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс балалар, жасөспірімдер, қыздар, юниорлар және жастар арасында ұйымдастырылады.

Турнирдің мақсаты – жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, кекушинкай каратэ спортын дамыту және Қ.С. Балмағамбетовтің есімін ұлықтау.

Жарыстың ашылу салтанаты 6 желтоқсан күні сағат 12:00-де өтеді.

Өтетін орны: «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 36.

Байланыс телефоны: +7 705 747 77 88.