27.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖезқазғанда кекушинкай каратэден ашық облыстық турнир өтеді27.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ақпарат ағыны

Ұлытау облысында сайлау учаскесінен тыс жерде қалай дауыс беруге болады

27.11.2026 · 01:21 · admin

Ұлытау облысында сайлау учаскесінен тыс жерде қалай дауыс беруге болады

2026 жылғы 29 қарашада Ұлытау облысында мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Белгілі бір себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтарға дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасауына, сондай-ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынау қиын аудандарда болуына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге құқылы.

Ол үшін сайлаушы 29 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 12:00-ден кешіктірмей, өзі тіркелген аумақтағы учаскелік сайлау комиссиясына өзінің болатын жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтініш беруі қажет.

Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі жазбаша өтініш негізінде және сайлаушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін оған дауыс беруге арналған бюллетень береді. Бюллетеньді алғанын сайлаушы өтінішке қол қою арқылы растайды.

Учаскелік сайлау комиссиясының бюллетень берген мүшесі бюллетеньге және сайлаушының өтінішіне қол қояды. Дауыс беру барысында сайлаушының ерік білдіру құпиясының сақталуы міндетті түрде қамтамасыз етіледі.