27.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖезқазғанда кекушинкай каратэден ашық облыстық турнир өтеді27.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ақпарат ағыны

Жезқазғанда еркін күрестен республикалық турнир өтеді

27.11.2026 · 01:21 · admin

Жезқазғанда еркін күрестен республикалық турнир өтеді

27-30 қараша аралығында Жезқазған қаласында 2010-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері Танау Нығызбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Дәстүрлі жарыс жас балуандардың спорттық шеберлігін арттыру, еркін күресті дамыту және көрнекті спортшының есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Турнирге еліміздің әр өңірінен жас балуандар қатысып, өзара мықтыны анықтайды.

Жарыстың салтанатты ашылуы 28 қараша күні сағат 12:30-да өтеді. Ал финалдық белдесулер 29 қараша күні сағат 10:00-де басталады.

Өтетін орны: «ULYTAU» спорт сарайы, Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 26/5.

Байланыс телефоны: +7 701 363 41 55.