29.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚАРИЯЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІ – ДАУЫС БЕРУДЕ ДЕ КӨРІНЕДІ!29.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ақпарат ағыны

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары сайлауға қатысты

29.11.2026 · 11:03 · admin

Қаражал қаласында «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпаздары – Сағындықовтар отбасы мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.

Өнегелі отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамға үлгі болып жүрген Сағындықовтар отбасы сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Бүгінде Сағындықовтар отбасы төрт ұл мен төрт қыз тәрбиелеп өсірген өнегелі әулет. Қазіргі таңда 27 немере мен 2 шөберенің қызығын көріп отырған отбасы ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Балалары мен немерелері түрлі салада еңбек етіп, өз жетістіктерімен әулеттің абыройын асқақтатуда.

Отбасының сайлауға қатысуы – ел өміріндегі маңызды қоғамдық науқанға белсенді атсалысудың және азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.