Қаражалда сайлау учаскелері өз жұмысын бастады!

Бүгін, 29 қараша күні мәслихат депутаттарының сайлауына арналған сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.
Еліміздің кейбір өңірлерінде сайлау учаскелері таңғы сағат 06:00-ден ашылса, Қаражал қаласында учаскелер сағат 07:00-ден бастап сайлаушыларды қабылдауда.
Таң сәріден өз таңдауын жасауға келген тұрғындардың белсенділігі – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Әрбір дауыс маңызды! Барша қала тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауға шақырамыз!
