🔥 Жаз мезгілінде табиғат аясындағы демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау аса маңызды. Бір сөндірілмеген от, темекі тұқылы немесе қарапайым немқұрайлылық үлкен өртке себеп болуы мүмкін.
⚖️ ЗАҢ ТАЛАБЫ — МІНДЕТ
Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 63-бабына сәйкес, орман қорын өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен реттеледі.
Сондай-ақ заңнамаға сәйкес, басқарылатын өртеуді қоспағанда, шөптесін өсімдіктерді өртеуге тыйым салынады. Өрт қаупі жоғары кезеңде жергілікті атқарушы органдар орманға баруға және көлікпен кіруге шектеу енгізе алады. (Адилет)
🚫 Рұқсат етілмеген жерде от жақпаңыз.
🚭 Темекі тұқылын сөндірмей тастамаңыз.
🔥 Құрғақ шөпті өртемеңіз.
🌿 Табиғатты оттан қорғаңыз.
Бір сәттік немқұрайлылық табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
Өрттің алдын алу — оны сөндіруден әлдеқайда маңызды!
Табиғатты қорғау — тек міндет емес, әр азаматтың жауапкершілігі.

