Сатушының (дайындаушының, орындаушының)тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат беру жөніндегі міндеті

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат міндетті түрде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауын, ұсынылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері мен ерекшеліктерін, егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда және өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестікті растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісін қамтуға тиіс.

Сатушы электрондық сауда мақсатында пайдаланатын интернет-ресурста тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы мәліметтер қамтылған интернет-ресурстарға сілтемелерді орналастыруға жол беріледі.