Сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және мүгедек адамдардың дауыс беруі үшін жағдайлар туралы ақпарат

Сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және мүгедек адамдардың дауыс беруі үшін жағдайлар туралы ақпарат.

Бүгінгі таңда Ұлытау облысында дауыс беру кезінде ерекше жағдайларға мұқтаж 493 мүгедектігі бар жандар сайлауға қатысады, атап айтқанда: кресло-арбаларды пайдаланатын мүмкіндігі шектеулі адамдар – 216 адам, есту қабілеті нашар – 106 адам, көру қабілеті нашар – 171 адам.

Ұлытау облысы бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны 136 құрайды, оның ішінде 63 учаскеде кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар, 68 учаскеде нашар көретін адамдар, 39 учаскеде нашар еститін азаматтар дауыс беретін болады.

105 сайлау учаскелерінде пандустар орнатылған, 38 учаскелерде кіре берісте және учаскенің өзінде тактильді көрсеткіштермен жабдықталған.

Дауыс беру күніне орай қосымша барлық сайлау учаскелерінде пандустар орнатылатын болады, кіреберістерде 34, 2 — учаскінің ішінде тактильді көрсеткіштермен жабдықталады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 111 бұрыш және 79 дауыс беру кабинасы ұйымдастырылады, жестау тілінің 2 маманы тартылады.

Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 4 «инватакси» жұмыс жасайды.