Құрылтай депутаттарын сайлау

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

Құрылтай құрамына 145 депутат сайланып, олардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, мемлекетіміздің болашағына қатысты өз азаматтық ұстанымын білдірудің маңызды мүмкіндігі.

Әр дауыс маңызды! Өз таңдауыңызды жасаңыз!

📅 23 тамыз 2026 жыл

🇰🇿 Бірге таңдайық – ел болашағын бірге айқындайық!