30.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТ«Bir Tolqynda» ашық диалог алаңдарында жастардың ел дамуындағы рөлі талқыланды29.10.2026
Ресми

Құрметті жерлестер! Қадірменді Отан қорғаушылар!

07.05.2025 · 11:49 · admin

Сіздерді елдік пен ерліктің жарқын көрінісі – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – Тәуелсіз Қазақстанның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген барша ер-азаматтардың, Отан алдындағы адал қызметін абыроймен атқарып жүрген жауынгерлер мен ардагерлердің мерекесі. Бұл – ерлік пен елдікке, патриотизм мен парызға толы қасиетті күн.

Ата-бабаларымыз аманаттаған Ұлы Дала төсіндегі бейбіт өмір мен азаттықты сақтау – әр азаматтың ардақты борышы. Осы жолда аянбай қызмет етіп жүрген Қарулы Күштеріміздің сарбаздарына, офицерлері мен ардагерлеріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, қайрат-жігер, отбастарыңызға амандық пен ырыс-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз мәңгі биікте желбірей берсін!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
Қалалық мәслихат төрағасы