Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Биыл соғыс үнінің басылып, бейбіт өмірдің табалдырығын аттағанымызға 81 жыл толып отыр.
Бүгінде біздің ұрпақ бейбіт заманда тыныштықта өмір сүріп отырса да, біз ешқашан ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпаймыз.
Отанды қорғау жолында жанын қиған бабаларымыздың батырлығы мәңгі жадымызда қалары сөзсіз.
Майдан даласында шайқасып, елінің тәуелсіздігін ойлаған азаматтарымыздың қаһармандығы біз үшін қастерлі ұлы мұраға айналды.
Бүгінгі бейбіт өмірімізге жетуіміз – осы ұлы батырлардың жанқиярлық ерлігінің, ерен еңбегінің және елімізге деген шексіз сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Жеңіс күні – тек өткеннің ғана емес, бүгінгі ұрпақтың да ұлтжандылық пен патриотизм, ерлік пен қайсарлық рухында тәрбиеленуіне жол ашатын маңызды сабақ.
Қадірлі тыл ардагерлері!
Жылдар өтсе де, Сіздердің ерліктеріңіздің маңызы мен мәні ешқашан азаймайды, керісінше, бұл Ұлы Жеңістің құндылығы жылдан жылға арта бермек.
Жеңіс күнін тойлай отырып, Сіздерге шексіз алғыс айтып, бас иеміз.
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға қуаныш, амандық, бақыт пен береке тілейміз.
Шаңырақтарыңыз әрқашан шаттық пен сәттілікке толы болсын!
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.
