Құрметті мəдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Мəдениет жəне өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер қаламыздың əлеуетін арттыруда халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруда жəне игі дəстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келесіздер!

Қаламыздың өнері мен мəдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген Сіздерге айтар алғысымыз көп. Киелі өнер жолында қаламызды елге танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер тілейміз!

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына жəне бай мəдени мұрамызды дəріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, əрбір мəдениет қызметкері үшін ерекше күн. Ал мəдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі жəне жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Сондықтан халыққа үздік мəдени қызмет көрсетіп жүрген мəдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін əрдайым мақтан етеміз.

Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күні – музей, кітапхана, театр, филармония, мəдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, жалпы өнерсүйер қауымның шығармашылық мерекесі. Сіздердің еңбектеріңіз қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мəдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білесіздер, адамдарға мереке жəне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыздар.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Кəсіби шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! Рухы биік халықтың руханиятына қосар үлестеріңіз қомақты, əр еңбек күндеріңіз сəтті, шығармашылық жетістіктерге толы болсын! Мəдениет пен өнеріміз өркендей берсін!

Алдағы уақытта да туған еліміздің мəдениеті мен өнерін өзгелерге дəріптеп, даңқын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз. Əрқашанда өнердің ақ туын берік ұстап, халыққа қызмет жасайтындарыңызға зор сенім білдіреміз. Шығармашылық жаңа ізденістер, өнер жолында жаңа табыстар тілейміз!

Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының əкімі.

Зəмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мəслихат хатшысы.