Қаражал қаласының Құрметті азаматы, білім саласының ардагері Сатанов Рахымжан Сатанұлы бүгін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек етіп, жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне елеулі үлес қосқан ардагер маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.
Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес!
