Сіздерді еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының берік негізі саналатын Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбек – елдің берекесін арттырып, қоғамның тұрақты дамуына жол ашатын басты құндылық. Қай саланы алсақ та, оның жетістігінің артында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, маңдай терін төгіп, ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген еңбек адамдарының еңбегі тұр.
Қаражалдың өсіп-өркендеуі мен қаламыздың болашағы да әр тұрғынның қажырлы еңбегімен тығыз байланысты. Өнеркәсіп пен өндірісте, білім мен денсаулық сақтау саласында, мәдениет пен спортта, мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлік пен әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген барша азаматтарға еңбектері үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Әсіресе, саналы ғұмырын туған өлкенің дамуына арнаған аға буын өкілдерінің еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен еңбек жолдарыңыз жас мамандарға бағыт-бағдар береді.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Еңбектің жемісі еселеніп, әр шаңырақта қуаныш пен молшылық орнасын!
Еңбегіміз еленіп, елдігіміз нығая берсін!
Құрметпен,
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ, Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА, қалалық мәслихат төрағасы.
