1 тамыздан бастап Қазақстанда абаттандыру ережелері күшейтілді. Енді жеке үйлер мен коммерциялық нысандардың иелері өз аумағымен қатар, үйінен 5 метрге дейінгі іргелес аумақтың тазалығына да жауапты.
Бұл — қоқыс, арамшөп, қар мен мұзды уақытылы тазалауды, аумақты таза әрі ұқыпты ұстауды білдіреді.
⚠️ Абаттандыру талаптарын бұзған жағдайда айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда жауапкершілік күшейеді.
Тазалық — тек коммуналдық қызметтің емес, әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
🌿 Таза қала — өзімізден басталады!
Қоқысты белгіленбеген жерге тастамайық, ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарайық.

