НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Нашақорлық – адам денсаулығына, өміріне және қоғамның қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Оның алдын алу – баршамызға ортақ міндет.

⚖️ Қазақстан Республикасының заңнамасында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қатаң жауапкершілік көзделген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы – есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымына қатысты жауапкершілікті көздейді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы – есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізуге байланысты заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы – есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу және өндіру үшін жауапкершілікті көздейді.

❗ Есірткіге әуестік – денсаулыққа ғана емес, адамның болашағына да қауіп.

Жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және заң талаптарын сақтауға шақырамыз!

НАШАҚОРЛЫҚҚА – ЖОҚ!
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА – ИӘ!