«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық»

2022 жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған «Балалар жылын» іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, олардың мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлықпен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Бір ай ішінде әлеуметтік қолдауға зәру балаларға барынша көмек көрсетуге және барша қаражалдықтарды қайырымдылық акциясын қолдауға шақырамыз. Өйткені, қамқорлық жасау – қайырымды қоғамның қағидасы.

Ендеше, жүректерге қуаныш сыйлайтын қамқорлық акциясынан қалыс қалмаңыздар.

Қаражал қаласының білім бөлімі.